+7 (7182) 34-89-93

2025 жылғы 4 шілде күні — Павлодар облыстық арнайы кітапхана төрінде «Домбыра қолымда, шабытым шарқ ұрса» атты республикалық әдеби-музыкалық кешінде «Ұлы даланың үні - домбыра» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. «Ұлы даланың үні - домбыра» атты жыр жинағы — сайын даланың сан ғасырлық сырын, халқының мұңын да, қуанышын да жүрек тереңінен өткізіп, сөз құдіретімен өрнектеген зағип ақындарының шығармашылық туындыларынан құралған рухани қазына.

Бұл жыр жинағы жалпақ басылымда, аудио нұсқада және Брайль қарпінде жарыққа шығып сонымен қатар, QR-код арқылы барша оқырман назарына ұсынылды. Жыр жинақ қазақ поэзиясының заманауи келбетін танытатын, ел руханиятына сүбелі үлес қосатын әдеби еңбек және жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін тағылымды еңбек болары сөзсіз!

Мәдениет пен өнерге зор үлес қосқан бұл шара қазақ халқының ұлы аспабы домбыраның рухани мәнін кеңінен насихаттап, жастарды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ZOOM байланысы арқылы Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен арнайы кітапхана әріптестері қатысып, Павлодар облыстық арнайы кітапхана оқырмандары: Алдамбергенов Ж., Даутбаев Б., Сыздыкова Т., №24 мектептің жас домбырашыларынан құралған «Әсем қоңыр» ансамблі жетекшісі Сатиев Б., Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Ботаева Ә., Алматы қ.  Республикалық арнайы кітапхана оқырманы Г.Зұлқаршын, Ақтөбе обл. арнайы кітапхана оқырманы А.Жанасилов, Ақтау қ. арнайы кітапханасының оқырманы Б.Ибраев, Талдықорған қ. арнайы кітапханасының оқырманы Н.Арғын, Көкшетау қ. арнайы кітапхана оқырманы К.Кравченко осындай өнерпаз оқырмандарымыз дәстүрлі домбырамен күй шертіп, ән шырқады.

Кештің соңында жинақты жарыққа шығаруға атсалысқан барша қаламгерлерге арнайы кітапхана басшысы Ж.Кенжебекованың атынан Алғыс хаттары табысталды.

Осы жинақтағы әрбір өлең — бір-бір тұнған әлем. Сол әлемге бірге сапар шегіп, Ұлы даланың үнін жүрекпен тыңдауға шақырамыз!

Домбыраның үні өшпесін, қазақтың рухы биік болсын!

Домбыра күні құтты болсын!

Онлайн кім

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр