Поэзия досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған,
Шағымда шабыттанған, қиялданған,
Шапағың бар шаттығын құяр маған!
-деп, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали жазып кеткен поэзия кереметі туралы жазылған өлеңін оқи отыра, 27 ақпан күні облыстық арнайы кітапханада ұйымдастырылған «ӘЛТАЙЫР ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ КӨЗ МҮГЕДЕГІ ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Амиров Серік Тәуекелұлының қолдауымен зағип ақындарымыз жүректен шыққан өлеңдерімен бөлісіп, домбыра мен гитарының үні ғашық етіп, фортепиано үні жанымызды тербеп «Достар арасында» атты поэзия кеші өтті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/dostar-arasynda-poeziya-keshi.html#sigProIdf2285e168d