+7 (7182) 34-89-93

2023 жылы 2 маусым күні Облыстық арнайы кітапхана төрінде "Достықтың туы биік" атты мереке ұйымдастырылып өткізілді. Ол барлық бүлліршіндер  үшін ең маңызды мереке.  1 маусым – халықаралық балаларды қорғаудың күні.

Бұл – жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, ең мейірімді мейрам. Өйткені бұл күн сыңғырлаған сәби күлкісі мен балдырғандардың былдыры арқылы ерекшеленеді. Осы мерекеге орай біздің кітапханамыздың жас оқырмандарын қуантуға, бүлдіршіндерге жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатымен "АмадеусСити" орталығы өздерінің құттықтау бағдарламасымен келді. Сонымен қатар мультфильм кейіпкері Пеппи де келіп балалармен қызықты ойындар ойнады. Кішкентай қонақтарды арнайы сайқымазақтар қарсы алып, олармен суретке түсті. Мерекеде өте қызықты ойындар,сөзжұмбақтар да шешілді. Балаларға мереке жақсы әсер берді. Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін. Сәулелі ақыл – алысқа жетелейді, биіктерді бағындырады. Баланың – бала сезіміне әрдайым қуаныш сыйлайық!

Кітапхана ұжымы және әкімшілігі осы іс-шараны ерекше, әрі қызықты өткізуге көмек қолын созған демеушілер: халықаралық деңгейдегі облыстық остепат және массаж орталығының басшысы Байсеитова Дана  Болатовнаға және «AmadеusCity» event-агенттік орталығына, «AnimatorPRO» және  бейнеролик түсіруші Малаева Марина Владимировнаға жұмыстарына шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс тілейміз.

Онлайн кім

Қазір 89 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр