+7 (7182) 34-89-93

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Оның негізгі мақсаттары – Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту.

Сол мақсатты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы да көздейді... Мереке қарсаңында 2016 жылдың 23-ші  қырқүйегінде Еңбек күніне арналған кітапхана ұжымына  құрмет көрсету кеші өтті. Кітапхананың басшылығы  көп жыл жұмыс істеп келетін қызметкерлерді де, жас мамандарды да белгілеп, алғысын білдірді. Ал келген конақтарымыз – Қазақстан Коммунистік халық партиясының Павлодар облысының өкілдері жалпы кітапхананың ұжымын құрметтеп, жемісті ынтымақтастық үшін Алғыс хат тапсырды.

Онлайн кім

Қазір 128 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр