«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кітапханамызда жастарға арналған «ЭкоБрайль: қақпақтан – қаріпке» атты экологиялық-танымдық шеберлік сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, пластик қалдықтарын қайта өңдеудің маңызын насихаттау және инклюзивті қоғам құндылықтарын дәріптеу.
Шеберлік сағаты барысында қатысушылар пластик қақпақтарды жинаудың қоршаған ортаға тигізер оң әсері туралы мағлұмат алып, Брайль қарпімен жазу ерекшелігімен танысты. Сонымен қатар, олар арнайы құралдың көмегімен «Таза Қазақстан» сөзін Брайль қарпінде жазып көріп, ерекше тәжірибе жинақтады.
Осындай танымдық кездесулер жастардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, ерекше қажеттілігі бар жандардың өміріне деген түсіністік пен құрметті арттыруға ықпал етеді.
Табиғатты бірге қорғайық!
Әрбір игі іс – таза әрі жарқын болашақтың кепілі!
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ekobrajl-a-pa-tan-aripke-ekologiyaly-tanymdy-sheberlik-sa-aty.html#sigProId3479b08211

