+7 (7182) 34-89-93

Мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру, тері сипап сезу мүшесі ретіндегі түсініктерді қалыптастыру, оқу және жаратылыстану білімдерін насихаттау мақсатында 21 қараша күні No8 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары арнайы кітапханаға келді. Қызмет көрсету бөлімінің басшысы танымдық интерактивті экскурсия жүргізді, оның барысында балалар диалогқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.

Экскурссияға келушілер Луи Брайльдің қысқаша өмірбаянымен, рельефті-нүкте әліпбиінің жасалу тарихымен, Брайль қарпімен оқу мен жазудың ерекшеліктерімен танысып, зағип жандарға көмектесуге арналған заманауи тифлотехнологияларды талқылады. Сондай-ақ, ізденімпаз мектеп оқушылары тифлотехника мұражайының жәдігерлерімен танысып, көру гигиенасы туралы әңгімелесіп, күнделікті өмірде зағип жандарға көмек көрсету жолдарын ұсыну жайлы білді.