+7 (7182) 34-89-93

2022 жылы 7-ші маусымда Облыстық арнайы  кітапхана төрінде «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы бойынша, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына орай «Шабыт» клубының белсенді оқырмандарына «Ел бүгіншіл, менікі-ертең үшін» деп аталатын поэзия кеші өтті. Бұл кеште қазақ ақыны, мемлекет қайраткері А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағынан үзінді оқылып, ақын жайында бейнебаян көрсетілді. 

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ақынның құрметіне Қазақстанның көшелері мен мектептері, тіл білімі институты, Қостанай қаласындағы университет аталды және көрнекті қайраткердің құрметіне мұражай үйі мен ескерткіші ашылды.

Онлайн кім

Қазір 97 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр