1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін дегіміз келеді.
Осы мерекеге орай облыстық арнайы кітапхана төрінде көп ұлттан құралған оқырмандарымызға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада мерекелік дастархан жайылып, қазақтың дәстүрлі салтының бірі шашу-шашу арқылы мерекеміздің шымылдығы ашылды. Сонымен қатар көңіл күйді көтерген «Воля» ансамбілі мен кітапхананың тұрақты оқырмандары Б. Тлешова, Л. Кызынгашова және сондай-ақ кітапханашы Д.Жигомпар өз өнерлерін көрсетті.
Осындай іс-шарамызға керемет дастархан жаюға демеушілік көрсеткен Павлодар олыстық ҚХА аналар кеңесі төрағасының орынбасары «Somang» Павлодар облыстық корейлер қауымдастығы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Афанасьева Раиса Самсоновнаға кітапхана және оқырман атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.