1 шілде күні Астана күні мерекесі қарсаңында кітапхананың оқу залында жас оқырмандарға арналған «Елорда – ел жүрегі» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар елордамыздың қалыптасу тарихымен танысып, Астананың көрікті жерлері, сәулет өнері мен мемлекеттік рәміздері туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар Астана туралы кітаптар мен көрнекі материалдар ұсынылды.
Шара аясында «Астанаға саяхат» атты танымдық-қимылды ойын ұйымдастырылды. Балалар көрсетілген суреттер бойынша елорданың көрікті жерлерін тауып, қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/elorda-el-zh-regi-a-paratty-sa-aty.html#sigProIde6ea0b1e2e

