+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапхананың төрінде «Ертіс перзенті» атты ақын, драматург Аманжол Шамкеновтің 95-жылдығына орай, кітапхана оқырмандарына арнап әдебиет сағаты өтті.

Аманжол Шамкенов 1927 жылы 20 шілдеде Павлодар облысы, Ертіс ауданында туған. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң 1950-1954 жылдары «Әдебиет және өнер» (қ. Жұлдыз») журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.

А.Шамкеновтың тұңғыш жинағы «Студент сыры» деген атпен 1951 жылы шықты. 40 шақты кітабы жарық көрген. «Табамын сені», «Сен жалғыз емессің», «Уәкілдер», «Майор Майданов» атты актілі пьесалары сахнада қойылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. Сонымен қатар Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

 Ақынның өткеніне шолу жасап, жастық шақты еске алып «Ұстазым» атты ақынның ән өлеңдер жинақ кітапшасынан «Ұстазым», «Ана туралы жыр», «Неге солай?» деген әндерін оқырмандар мен бірігіп орындалды.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр