21 қарашада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №82 мамандандырылған балабақша тәрбиеленушілері кезекті арнайы «Есте сақта және сипап тап» және «Мен айтқан суретті тап» атты іс-шарасы өтті.
Осы іс-шара барсында бүлдіршіндерге арналған арнайы жаттығумен басталды. Балалардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттала, арнайы ойын түрінде жүргізілді. Олар затты қолмен ұстап сипалап табу, сезіну қабілетін дамытуға арналған ойынға белсенді қатысып жарысты. Сонымен қатар жұмбақты табу, суретке қарап көргенін есте сақтап айтуға бағытталған ойындарына қызғушылықпен қатысты. Өткізілген іс-шара мақсаты саусақ қимыл әрекетіне бағытталғандықтан сезіну және ойлау қабілетін дамытуға қызығушылық белсенділігін арттырады және баланы ортаға бейімделуіне бағыталады. Балалар қызығушылықпен жарыса қатысып көңілді іс-шара өткізілді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/este-sa-ta-zh-ne-sipap-tap.html#sigProIdc459570f7a