+7 (7182) 34-89-93

31 мамыр – ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сондықтан 31-ші мамыр күні  арнайы кітапхананың «Коворкинг» орталығында қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу мақсатында «Бұл ұмытылмайды!» атты естелік  сағаты  өткізілді. 1-минут үнсіздікпен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылықта болған жандарды еске алдық.

Саяси  қуғын-сүргін  мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына суарылған тарихтың  шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Қазақ халқының көрнекті перзенттері – Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Б.Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болды.

Репрессия құрбандары, қиянат-қысым көрген тұтқындардың томаға-тұйық бейнелерін, жазықсыз  жазалау туралы  және саяси құғын-сүргінің құрбаны болған жандар туралы жазылған кітаптар, мерзімді басылымдардан және дыбыстандырылған кітаптармен таныстырып, кеңінен әңгімеленді. «И скорбь, и память, и покаяние» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқырмандарға аталған тақырыпта бейнебаян ұсынылды.

Онлайн кім

Қазір 125 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр