+7 (7182) 34-89-93

«Қазақтың ақын қызы» десе ауызға алдымен оралатын есiм бар. Тiптi ол – проза жазып, журналистiк жұмысты да жатсынбаған жан. Ғажабы, әдебиет деген киелi саламен сабақтасып жататын өнердiң  қай түрiн болмасын керемет игерген. Ол кiм десеңiз, халқының көңiлiне поэзия деген демiмен су бүркiген Фариза Оңғарсынова. Ол қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелді.

Бүгін кітапхана оқырмандарына Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай «Поэзия падишасы - Фариза» атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды.

Фариза Оңғарсынова Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ретінде мемлекеттігімізге еңбегі сіңді. Поэзия кешіне кітапхананың белсенді оқырманы Жеңісгүл Молдабаевна Фариза Оңғарсынованың «Жақсы көру» өлеңін гитараның сүйемелдеуімен орындап поэзия кешінің сәнін келтірді, сонымен қатар қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұйымдастырған Фариза Оңғарсынованың 85-жылдығына арналған «Жыр менің жалғыз тарланым» атты Республикалық көркемсөз оқу поэтикалық шығармашылық байқауына қатысқан кітапхана оқырмандары Ибраева Балкен, Альмаганбетова Нурбике, Еременко Константин және Неустроев Игорь алғыс хаттармен марапатталды.  Іс- шара соңында оқырмандар кітап көрмесімен танысты.

Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Онлайн кім

Қазір 100 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр