Бүгін Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Аққулы ауданының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Серік Қинаятұлы Сатыбалдинның 75 жас мерейтойына орай екі форматта басылып шығарылған «Әйгілі шебер аудармашы» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға ақынның қыздары Сатыбалдина Лайла Серікқызы, Сатыбалдина Айгерім Серікқызы қатысты. Ақынның немересі Астана қаласы «BINOM» мектебінің 3 сынып оқушысы Серік Әлихан атасының өлеңдерін жатқа оқыды.
Иса Байзаков атындағы филармонияның солистері А.Ботаева Садық Кәрімбаевтың сөзіне жазылған “Ақсұңқарым”, М.Ысқақ Ақселеу Сейдімбектің сөзіне жазылған “Сарыарқа” әндерін орындады. Кітапхана басшысының орынбасары А.А.Кожаханова сөз сөйледі. Тақырыпты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/jgili-sheber-audarmashy-kitabyny-t-saukeseri.html#sigProId1ab3a934f7