Облыстық арнайы кітапханада Жүсіпбек Аймауытовтың 130-жас мерейтойына арналған «Көпжанрлы жазушы» атты кеш портреті ретінде атап өтілді.
Бүгінгі кеште Жүсіпбек Аймауытов жөніде өмірі мен шығармашылығы жайлы, отбасының қыры-сыры айтылып, ұрпағы жайлы әңгімеленіп, бұрын соңды естілмеген ақпарат жайлы бейнебаян көрсетілді. Кеш қонағы ретінде Бұқар Жырау музейінің әдебиет бөлімінің басшысы Е.М.Қайыров қатысып, Жүсіпбек Аймауытов жайлы мәліметтермен бөлісті. Аталған тақырыпта Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығының жинағыннан кітап көрмесі ұйымдастырылды.