Ағымдағы жылдын 5 қазан күні Облыстық арнайы кітапханасында «Халықаралық қарттар күніне» арналған «Кәрілікті құрметтейік» атты мерекелік кеш өтті.
Кешке Облыстық арнайы кітапхананың қарт оқырмандары шақырылды. Мерекелік кеште концертік бағдарлама және конкурстар ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары қызықты жұмбақтарды, әндер арқылы ескі кинофильмдердің атауларын атады.
Мерекелік кеште С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Орындаушылық өнер кафедрасының», «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп –интернат» ММ-нің студенттері өз өнерлерін көрсетті.
Кеш соңында Облыстық арнайы кітапхананың басшысы қарт оқырмандарды өткен «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтап, мерекелік кеште концерттік бағдарламаның өтуіне ат салысқан жоғарыда аталған мекеме басшыларын және қарттарға шағын кондитерлік өнімдерін табыстауға демеушілік көрсеткен «Группа Интер» ЖШС-нің басшысын алғыс хаттарымен марапаттады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/k-rilikti-rmettejik.html#sigProIdcfd2dc494a