2022 жыл Қазақстан мен Корея үшін мәдени алмасу жылы болып табылады, сонымен қатар Қазақстан мен Корея дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде. Міне, бүгін облыстық арнайы кітапханада кәріс халқының басты күзгі мерекесі «ЧХУСОК», «Алтын күз» мерекесі ұйымдастырылды.
Шарада Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, «Somang» Павлодар облысы корейлер қауымдастығы ақсақалдар кеңесінің төрайымы – Афанасьева Раиса Самсоновна және қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Павлодар облысы ҚХА келісімі, Павлодар облысы корей орталығының меңгерушісі, Павлодар облысы Ефремовка ауылының мектеп мұражайының меңгерушісі, - Шин Светлана Гир-Соновна.
Сонымен қатар мерекелік концертте: Қ.Б. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің корей тілі кафедрасының «МУГУНХВА» би тобы, Ефремовка ауылынан орта мектептің оқушылары Лекерова Диляра ««УРИ ОМОНИ» и «АРИРАН», Адылғожинов Таңнұр және Вера Александровна Адылғожинова «Dast in the Wind» әнімен, ақын Ли Наталья Владимировна, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Аққулы ауданының құрметті тұрғыны, белсенді қоғам қайраткері, жазушы-аудармашы Серік Сатыбалдин, Павлодар педагогикалық университетінің 1-ші курс студенттері өнерлерін көрсетті.
«Somang» Павлодар облысы корейлер қауымдастығы ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Афанасьева Раиса Самсоновна ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/k-ris-khal-yny-d-st-rli-chkhusok-altyn-k-z-merekesi.html#sigProIdf1125e4ede