29-шы қыркүйек күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында кітапхана ардагерлердің қатысуымен "Көтеріңкі көңіл күй" атты кездесу кеші өтті.
Барлық мерекеге келген қонақтар өткен жылдарды еске алып, бір-бірін құттықтап, жылы атмосферада шын жүректен әңгімелесіп көңілдері көтеріңкі отырды. Қонақтарға зейнеткерлердің кітапханада жұмыс еткен жылдары туралы арнайы дайындалған слайд суреттері көрсетілді.
Іс-шара бірнеше ұрпаққа кездесуге, сөйлесуге, пікір алмасуға мүмкіншлік берді.
Мерекелік кездесу жақсы көңіл-күймен аяқталды. Барлық қатысушыларға демеуші дайындаған сыйлықтар табыс етілді.