+7 (7182) 34-89-93

Көз мүгедектігі бойынша Павлодар қалалық одағы «Альтаир» ҚБ-сі облыстық арнайы кітапханамен бірлесе 5 қыркүйекте «Күзгі отырыс» өткізді.

Күз - керемет суретші, өзінің айқын бояуларымен күздің сұр күнің ашық және шырайлы қылады. Кеште қонақтар жаңылтпаш, өлең және күлдіргі өлең айту дарындарын (таланттарын) көрсетті, «Үздік күзгі композиция» және «Күздің ең дәмді тамағы» атты сайыстарға белсенді қатысты. Женімпаздар және қатысушылар сыйлықтарға ие болды.

Л.Кызынгашева, А.Сабиева, Г.Адамжанова, К.Амиров, О.Марачковская орындауларында көңілді және әсем әндер шырқалды. Ақындар В.Косович, И.Неустроев, Б.Ибраева қонақтарды алтын күз туралы өлеңдерімен, ал кітапхана қызметкерлері «Спор овощей» атты көрініс көрсетті. «Күзгі отырыс» кешінің соңында қонақтар дастархан басына жайғасты.

Онлайн кім

Қазір 115 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр