25 тамыз күні арнайы кітапханада саябақшылар мерекесіне арналған «Күзгі вернисаж» атты мерекелік іс шара өтті. Бағдарлама бойынша 5 сайыс жүргізілді және оқырмандарымызды «Күз» және «Көктем» деген екі топқа бөлдік.
1. Гүл шоғы сайысы «Гүл жұмақ» 1-ші орынды оқырманымыз. Перфильева З.М. иеленді
2. «Бұл не деген керемет дәм!» сайысы 1-ші орынды оқырманымыз Кызынгашева Л. және 2 орынды Абдыгазизова М. деген оқырмандарымызға табысталды.
3. «Сен білесің бе?» сайысы 1 орынды «Күз» тобы және 2 орынды «Көктем» тобы алды.
4. «Викторина» сайысы 1 орынды «Күз» тобы және 2 орынды «Көктем» тобы алды.
5. «Сұрақ бізден жауп сізден» сайысы -1 орында Садыкова Ж.М. және. 2 орынды Дайрханова Б. иеленді.
Жеңімпаздарымызға дәрумендерге бай болсын деп жеміс-жидек пен көкөністерден тұратын азын –аулақ сыйлықтарымызды табыс еттік.
Сонымен қатар бұл іс шарада оқырманымыз Кызынгашева Л. дайындаған күз тақырыбына өлеңдерін шырқады және Абдыгазизова М өз шығармашылығынан күзге арнаған өлеңін оқыды. Шара соңында күз мерекесін шәй ішумен жалғастырдық