Күздің қарсаңында арнайы кітапханада «Осенний вернисаж» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шара келесі балалардың өнерімен безендірілді: № 46 балабақша тәрбиеленушілері А. Оспанова , Ж. Жарылғас және № 39 мектептің оқушысы Е. Қасым.
Кітапхана оқырмандары да белсенділігін көрсетті: Л.Кызынгашева күз бен астық тақырыбында өлеңдер оқып, С.Бобров әзілқой әңгімелермен оқырмандардың көңіл-күйлерін көтерді.
Оқырмандар арасында «Үздік күз тағамы» сайысында I орын иегері И.Колесников, II орын иегері В.Косович, III орынға С.Нуриманова ие болды..
Ән мен күй шырқалған ортада кітапханашылардың орындауында «Алма ағашын құтқарайық» атты көрініс жасалды. «Күз отырысы» мерекелік дастархан басында айтылған жылы лебіздермен аяқталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/k-zgi-vernisazh.html#sigProIdbdd3ac3ed8