Облыстық арнайы кітапханасында "Карлаг- зұлмат жылдар елесі" 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылса, ал Бұхар жырау музейінің қызметкерлері зағип оқырмандарымызға Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық жылдары туралы еске алу сағатын өткізді.
Еске алу сағаты бір минут үнсіздікпен бастау алса, шара барысында музей басшысы Ербол Мәтіұлы тарихтан тағылым өткенге тағзым ете сол жылдағы әңгімені толғандыра айтқанда, оқырман көзіне жас алдырды. Музейдің жас қызметкері Ұлжан Өмірзаққызы "Отыз жеті" өлеңін оқып, Дәуренбек Слямғалидың орындауында Халық әндері шырқалды.
Соңында оқырман әжелеріміз жас буын ұрпаққа батасын беріп, кітапхана мен музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/karlag-z-lmat-zhyldar-elesi-eske-alu-keshi.html#sigProId21680bf88b