3 қазан күні Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехының жұмысшыларына ең алғаш «Кеңес туы» газетінің атауымен жарыққа шығып, кейінгі «Қызыл ту» деп өзгертуіне 85 жыл толуына орай (1938 ж.) қазіргі “САРЫАРҚА САМАЛЫ” газеті тақырыбында әңгіме-дүкен құрылды.
Іс-шара барысында кітапханашы Д.Жигомпар қызметкерлерды алғашқы жарық көрген «Кенес туы» өзгеру туралы тарихымен таныстырып өтті. Қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, көптеген қызықты ақпарат алды.
«Қызыл ту» газеті 17 желтоқсан 1928 жылы жарық көрген, оның алғашқы редакторы белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының докторы Бейсенбай Кенжебаев болған. 1930 жылы 14 ақпанда «Кеңес туы» «Колхоз» болып өзгертілді.
1991 жылы 26 қыркүйекте Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін редакция ұжымы өз газетіне «Сарыарқа самалы» деген жаңа атау берді. Бүгінде «SARYARQA SAMALY» газеті аптасына 2 рет шығады. «SARYARQA SAMALY» газетінде өте мағыналы, пайдалы және қызықты айдарлар бар: «Хабарлама», «Тіршілік», «Мерей», «Шамшырақ», «Қоғам», «Әлеумет», «Ақпарат», «Айна», т.б. Қазіргі таңда басылымды Нұрбол Жайықбаев басқарады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ke-es-tuy-gazetini-yzyl-tu-dep-zgertuine-85-zhyl.html#sigProId8d241e2432