+7 (7182) 65-01-29

Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісі – Әкелер күні ретінде атап өтіледі. Бұл – әр отбасы үшін ерекше мағынаға ие, жүрекке жақын мереке. 18 маусым №26 мектеп жанындағы жазғы лагерьдегі  «Күн шуақ» отрядының қатысуымен Әкелер күніне арналған «Әке тәрбиесі – өмір мектебі» атты танымдық сағаты өтті.

Шара барысында балалар мерекеге арқау болған тақырыпқа байланысты ақпараттар алып, әке туралы мақал-мәтелдер айтып, сұрақтарға жауап берді.

Асық – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл ойын ата- бабамыздан бірге жеткен асыл мұра. Бүгін біз сол мұраны еске алып асықпен қызықты «Домино» ойынын ойнадық.

Кеш соңында қатысушылар әке тәрбиесінің маңызы туралы ой бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Онлайн кім

Қазір 96 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр