Қазақстан алғаш рет Әкелер күні мерекесін атап өтуде.
Бұл мерекеге облыстық арнайы кітапхана да өз үлесін қоса отыра, Еrtis телеарнасының "Жаңа күн" бағдарламасына кітапхананың белсенді зағип оқырманы Алдамбергенов Жанғабыл мен бұқаралық ақпарат бөлімінің басшысы Айнагүл Кожаханова қатысты. Жанғабыл ағамыз әке, ата ретінде отбасына деген қамқорлығы мен бала тәрбиесіндегі басты қағидалар мен қасиеттерді ұстану жайында әңгіме қозғады. Сонымен қатар, кітапханадағы оқырмандарға жасалған мүмкіндіктер туралы айтылды. Ағамыз өнерге жақын болған соң жеке туындысынан қара домбыраның үнімен "Айжан қыз"'әнін орындап берді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/keler-k-nine-oraj-ke-as-ar-tauym-ertis-telearnasynda-ba-darlama.html#sigProId058b88f95c