+7 (7182) 34-89-93

 "ӨнерStars" жобасы аясында әкелер күніне орай "Черноярская Жемчужина" демалыс аймағында көшпелі концерт ұйымдастырылды, онда біздің белсенді де талантты оқырмандарымыз өнер көрсетті.

Б. Даутбаев «Әке туралы жыр» әнімен концерттімізді бастап, «Аймүсін», «Бол жанымда» әндерін орындады.  Л. Қызынғашева баянның сүйемелдеуімен араб әні «Интель хайям», «Я не могу иначе», «Ягода - малина» әндерін шырқаса, А. Багдатова «Қос бәйтерек», «Жолыққан қандай жақсы», «Бақыт тіледім» атты көңілді әндер орындап, кітапханашы Д. Жигомпар өзінің әсем дауысымен «Погода в доме», «Егіз лебіз» әндерін орындады.

«Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, бала жағасындағы құрақ». Асқар тау әкелер балалары үшін әрдайым биік, әрі қамқоршы болары сөзссіз. Әкелері бар балалар өздерін қорғаны мықты, жігерлі сезінері анық.

Онлайн кім

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр