+7 (7182) 34-89-93

29  қазанда  «Еrtis»  ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік жобасының  кезекті бағдарламасы шықты.

Бағдарламаның қонақтары;  Қазақ соқырлар қоғамының  мүшелері, арнайы кітапхананың белсенді оқырмандары Даирханова Құралай - көз мүгедектер арасында шаңғы жарысы бойынша спорт шебері және оның қызы Даирханова Меруерт - парадзюдо бойынша спорт шеберіне үміткер.

Бұлар белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар, «Қазақ соқырлар қоғамының» барлық іс-шараларына белсенді қатысушылар: тоғыз құмалақ, жеңіл атлетика, жүгіру, жүзу. Бір кездері хорға қатысқан еді, енді спортқа толықтай берілді.

Құралайдың «Қазақ соқырлар қоғамына» келгеніне биыл тура 35 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ол 70-ке жуық медаль алды, оның ішінде: 24 күміс, 27 қола және 18 алтын.

«Керемет жандар» бағдарламасында  өздері, отбасы, хоббилері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қазіргі кезде Қазақстан спартакиадасына қызу дайындық үстінде. Меруерт массаж курстарын бітіріп, өзін осы мамандықта сынап көргісі келеді. Оларға денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз.

Көрермендердін көңілін  көтеру үшін,  дарынды балаларға арналған музыкалық-интернат мектебінің оқушылары  Гараев Тимур және  Каратаев Әліхан кларнет  пен домбырада әдемі  әуендерді сыйға тартты.

«Керемет жандар»  жобасын әр айдың  соңғы жұмасында тамашалай аласыздар.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр