26 сәуірде «Еrtis» ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік телерубрикасының 4-ші бағдарламасы шықты.
Бағдарламаның кейіпкерлері қызықты тұлғалары: арнайы кітапхананың басшысы Жамал Кенжебекова және кітапхана оқырманы, дарынды қыз Диляра Асаинова болды.
Ж.Кенжебекова студенттерге және кітапханашыларға арналған оқу құралының соавторы. Ол кітапхананың жұмысы мен жоспарлары туралы әңгімелеп, жеке өмірінен қызықты деректер келтірді, жазуға үйретудің тифлотехникалық құралдарын көрсетті.
Д.Асаинова - П.Чайковский атындағы музыка колледжінің студенті, спортшы, көптеген республикалық және ресейлік ән байқауларының жеңімпазы және жүлдегері. Диляра әнді аккапельно айтып, өзі жазған авторлық өлеңін оқыды.
«Керемет жандар» жобасы эфирге әр айда шығады. Көрермендерді қызықты және талантты тұлғалармен таныстырамыз.