+7 (7182) 34-89-93

28 мамырда «Еrtis» ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік телерубрикасының 5-ші бағдарламасы шықты.

Бағдарламаның кейіпкерлері «Саулем-ай» вокалдық тобының мүшелері: Ж.Садыкова, Г.Адамжанова, . Ибраева, Л.Кызынгашева болды.

Бағдарлама «Саулем-ай» тобын құрушы және негіздеуші, Еңбегі сіңген қайраткері, көз мүгедек музыкант Садыков Серік Олжабайұлына арналды.

Топтың мүшелері Қазақ соқырлар қоғамының белсенді мүшелері: спортпен айналысады (тоғыз құмалақ, шахмат-дойбы), көп оқиды, тоқиды. Топтың әр мүшесі дарынды .

«Желсіз түнде жарық-ай» әнін Г.Адамжанова және Ж.Садыкова домбыра мен гитара арқылы сүйемелдеді. «Саулем-ай» тобы - көптеген республикалық және облыстық байқауларының жеңімпазы және жүлдегері.

«Керемет жандар» жобасы эфирге әр айда шығады. Көрермендерді қызықты және талантты тұлғалармен таныстырамыз.