28 қаңтар күні «Еrtis» ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік жобасының соңғы бағдарламасы шықты.
Бағдарламаның қонақтары: Арнайы кітапхананың құрметті және белсенді оқырманы - Адамжанова Гүлнар Тоқтасынқызы және Сыздыкова Толқын Сүлембайқызы – «Оптимист» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Гүлнар Ақсу қаласында туған. Кішкентай кезінен көз жанарынан айырылған, сондықтан Қарағанды қаласында көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта оқыды. Арнайы кітапхананың құрметті және белсенді оқырманы. Барлық шараларға қатысып, өз үлесін қосады.
Сыздыкова Толқын Сүлембайқызы 1976 жылы Екібастұз ауданы, Екібастұз совхозында дүниеге келді. 4 жасынан ән айтып,7 жасында домбыра ұстаған қыз.
1990 жылдары Ыбырай Алтынсарин атындағы №3 гимназияда оқыған. 1997 жылы Павлодар педагогикалық институты «Бастауыш сынып пен музыка» бөлімі бойынша бітірді. Қазіргі кезде Павлодар қалалық әкімдік апаратында қызмет етеді.
«Керемет жандар» бағдарламасында өздері, отбасы, хоббилері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оларға денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз.