26 ақпанда «Еrtis» ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік жобасының 2-ші бағдарламасы шықты.
Бағдарламаның кейіпкерлері ауған соғысының ардагерлері Т.Кокумбаев, П.Курильчик, Т.Абдалинов болды.
Батылдық пен ерліктің нақты көрінісі: барлығы салауатты өмір салтын ұстанады, спортпен шұғылданады, Ауған соғысы мен жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық қорының белсенді мүшелері болып табылады. Біздің заманымыздың батырлары!
«Керемет жандар» жобасын әр айдың соңғы жұмасында тамашалай аласыздар.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/keremet-zhandarkz.html#sigProId0f194c7caf