Су – баға жетпес байлығымыз. Оны қорғау және тиімді пайдалану – бүгінгі ұрпақтың басты борышы. Себебі таза су – тек қазіргі емес, болашақ ұрпақтың да аманаты.
Осыған байланысты облыстық арнайы кітапханасында №26 мектеп оқушыларына «Су және су ресурстарын қорғау» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Аталмыш шараға қатысқан Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқарма басшысының орынбасары Д. Б. Қайркенов оқушыларға су және су ресурстан қалай тиімді пайдалану және оны қалай қорғау керек екені жайлы ақпарат берді. Балаларда қалыс қалмай арнайы маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. «Су және су ресуртарын қорғау» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/khal-ymyz-su-tirshilik-k-zi-dep-beker-ajtpa-an.html#sigProId0b7a7fbbf7