Бүгін, ақпанның 14-і – халықаралық кітап сыйлау күні. Кітап – алтын қазына, білім бұлағы, жан азығы. Кітап қадірін түсінетіндер оны ерекше қастерлейді деп бұл мерекені арнайы кітапхана елеусіз қалдырмай, екі жыл бойы Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кітапханасына кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды.
Ия, заман талабына сай оның мазмұны мен форматы өзгеруі мүмкін. Бірақ адам өмірінде алар орны өзгермейді. Тек кітап оқуға деген ынта өшпесе болғаны дейді арнайы кітапхана қызметкерлері. Бүгінгі күні тек кітап сыйлап қана қоймай, ынтымақтастықтың арқасында қылмыстық-атқару жүйесіндегі жазасын өтеушілер алғашқы тифлопедагог Ақан Қасымовтың мүсінін, шахмат пен дойбы және Ханшатыр мен орыс шіркеуін қолға сезімтал етіп жасаған бұйымдарын арнайы кітапхана сыйға тартты.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/khaly-araly-kitap-syjlau-k-ni-2.html#sigProId14bccc533a