+7 (7182) 34-89-93

3 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 125 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана облыстың мәдени әлеуетін дамытуда» атты халықаралық кітапхана форумы бастау алды.

Форумның мақсаты – кітапхананы дамытудың заманауи жолдарын іздестіру, аудиторияны тартудың тиімді нысандарын анықтау, кітапханалардың озық тәжірибесін өскелең ұрпаққа  жеткізу.

Форумның «Кітапханашы+Оқырман» екінші секциясында «Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ басшысы– Кенжебекова Жамал Қиянқықызы «Арнайы кітапхананың инклюзивті жобалары» тақырыбында баяндама жасады, онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы кітапхана арқылы олардың сыртқы әлеммен байланыс орнатуға және шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесу туралы жүзеге асырылған жобаларға тоқталды.

Онлайн кім

Қазір 58 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр