1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялады.
Осы күнге орай ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері №25 жалпы орта мектептің оқушылары үшін «Халықаралық мүгедектер күні» атты ақпараттық- танымдық сағатын өткізді.
Әрқайсымыздың мүгедектігі бар адамдарға сезімталдығы, мұқияттылығы мен қарым-қатынасы - біздің қоғамымыздың моральдық денсаулығының көрсеткіші болып табылады. Кітапхананың көптеген оқырмандары көз мүгедек, шынымен де талантты адамдар. Зағип ақындар Ж.Сәбиев, И.Неустроев, Б.Аккузинованың өлеңдері оқылды. Мектеп оқушылары Павлодар өңірінің зағип ақындарының өлеңдері ұсынылған кітап көрмесімен танысты.
Іс-шараға кітапхананың белсенді оқырманы, 1- топтағы мүгедек Л.Қызынғашева қатысты. Ол әндерді бірнеше тілде орындады, сондай-ақ күшті рухы бар адамдар туралы өлеңдер оқыды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/khaly-araly-m-gedekter-k-ni.html#sigProIdcc9a23236d