+7 (7182) 34-89-93

1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі тәуелсіздік алғаннан бастап тойлануда.

Елімізде 1-мамырды атап өту халық сақтаған дәстүрге айналып, оған ұлттық реңк беруде. Біз барлығымыз тұрақтылықты, болашаққа деген сенімділікті қалаймыз. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ бірлестігі мәңгі жасай берсін!

29 мамыр күні облыстық арнайы кітапханада «Халық бірлігі – ұлт бірлігі» тақырыбында дауыстап оқу үйірмесі оқырмандар арасында өткізілді, сондай-ақ іс-шараға байланысты өлең шумақтары оқылды. Оқырмандар бұл мерекенің тарихымен танысып, жылы лебіздерімен бөлісіп , шын жүректен құттықтаулар айтылды.

 

Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

Онлайн кім

Қазір 56 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр