23 маусым күні сағат 15-00-де Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында Майра Шамсутдинованың 125-жылдығына арналған «Халық әншісі» атты еске алу кеші өтті.
Кешімізді салт бойынша «шашумен» кітапхананың белсенді оқырманы А.Толеубаева ашты. Кеште Майра Шамсутдинованың өмірінен слайд арқылы үзінді көрсетілді. Кітапхана көрермендері Майра әндерін сүйсіне тындап, өздері де орындады. Мүгедек ақын О.Григорьева және жергілікті ақын Б.Аккузинова өздерінің Майраға арнап жазған өлеңдерін оқыды. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды.