+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханасы № 24 мектептің 10-«ә» сынып оқушыларына «Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың шығармашылық әлемі және ұлттық тәрбие» дөңгелек үстелін өткізді.

 

Ақынның өмірі мен еңбек жолы жайында тың ақпараттар мен бөлісіп бейнебаян көрсетілді. Сондай ақ жазушының «Мәңгілік махаббат жыры» атты кітабынан Халима есімді жарына арналған «Сағыныш» атты өлеңі оқылды.

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Әзілхан Нұршайықов -1922 жылы желтоқсанның 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.

Ақын 1941-1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін 1949 жылы ҚазМУ-ды бітірді. Өмірінің соңына дейін жазушы қоғамдық өмірге, шығармашылық кештерге, оқырмандармен кездесуге белсене қатысты. Жазушы өзінің артынан «Тоғыз толғау», «Автопортрет», «Шығ. Жин-2 т.», «Жамбылға хат»,«Әскери естеліктер», «Қаламгер және оның достары,»,«Махаббат қызық мол жылдар», «Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер», «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат жырлары» «Мәңгілік махаббат жыры» атты өшпес мұра қалдырды.

Ә.Нұршайықов 2011 жылы 12 ақпанда өмірден озды.

.

Онлайн кім

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр