+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана «Муза» клубының аясында М. Д.Зверевтің 110-жылдығына  арналған «Хозяин небесных гор» атты әдеби кешін №24 жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында өткізді.

Кешке мектеп оқушылары зейіндерін салып, белсенді қатысты. Кітапханашы танымал кеңестік ғалым және орыс жазушы-табиғаттанушы М.Д.Зверевтің өмірбаянына тоқталып бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Ночь под новый год» атты әңгімесін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында кітапханашының қойған сұрақтарына оқушылар қызығушылықпен жауап берді.

Жоғарыда аталған тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 73 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр