Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге домбыраның да күні туғаны анық. Шілде айының алғашқы жексенбісін Домбыра күні деп белгілеп, ел болып кең белгілеп, ел болып кең көлемде атап өту – елдігіміздің белгісі. Домбыра бұған әбден лайық.
Домбыра, онымен күй тартып, ән салатын адамдарды осы күні төрге шығара отыра, облыстық арнайы кітапхана жыл сайын Домбыра күнін атап өтуде. Тек осы күні ғана емес, жылдың үш жүз алпыс бес күні арнайы кітапхананың дарынды оқырмандары Алдамбергенов Ж., Ақылбеков Б., Даутбаев Б., домбырасын тастамай сол қасиетті домбыраның үнімен жүректен шыққан жырларын халыққа жеткізуде. Ал, жас оқырманымыз Зейкенова А., Домбыра туралы толғауды орындау арқылы домбыраның қасиеттерін сипаттады.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - дегендей N24 мектептің "Әсем қоңыр" домбыра үйірмесінің жетекшісі Б.Сатиев және оқушылары И.Шабанбай, А.Раслиева, З.Шамшит, М.Ибрагим Төлеуғазыев М., қазақтың атақты күйшісі Құрманғазының "Адай", "Балбырауын" күйлерін ойнаса, Косович В, Ағыманова Б, Садыков Ж., жеке шығармашылықта домбыра туралы өлеңдерін оқыды.
Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастарға қарасақ, қуантарлық жайт. Бұл дәстүрді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің қолымыздан келеді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/kili-dombyra-muzykaly-kesh.html#sigProId7ab3d9ad03