+7 (7182) 34-89-93

2012 жылдан бастап Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық кітап сыйлау мерекесі тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді блогері.  Бір ұлы Эммиге дәл осы күні «Неге адамдар бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми 14 ақпан күнін "Кітап сыйлау" күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттырған.

Әлем халықтары бұл мерекені бір-біріне кітап сыйлау және кітап оқудан жарыс түрінде атап өтсе, Облыстық арнайы кітапхана да бұл іс шараны дәстүрге айналдыра, жыл сайын "Кітап сыйлау" акциясын ұйымдастырып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№ 46 мекеме" республикалық мемлекеттік мекемесінің жазасын өтеушілеріне әр түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартсақ, ынтымақтастықтың арқасында жазасын өтеушілер қолда бар бұйымдарымен шахмат, шашки сияқты тактильді құралдарды біздің кітапхана қорына табыстады.  Бұл мерекенің басқа мерекелерден ерекшелігі – кітап сыйлау және оқырманның назарын кітапқа аудару, әдеби мұраларды құрметтеу және насихаттау болып табылады.

Онлайн кім

Қазір 150 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр