Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, мәдениет саласындағы кітапхана қызметкерлерінің еңбектерін шынайы бағалап, Павлодар облысының әкімі Б.Бакауовтың атынан құрмет грамотасымен облыстық арнайы кітапхана басшысының орынбасары Л.С.Қуантаева және алғыс хатымен бас есепші Г.Ы.Сәрсебаева марапатталды.
Облыстық арнайы кітапханаға көп жыл бойы еңбек сіңірген зейнеткер Мазурина Н.Г. Ұлттық кітапхананың атынан «Кітапхана ісінің ардагері» медалімен марапатталды.