+7 (7182) 34-89-93

2023 жылғы 20 қазан күні жыл сайын өткізілетін «Кітапхана қызметіндегі инклюзивті өзара әрекеттесудің өзекті нысандары»  әдістемелік семинары өтті. Семинар әр-түрлі мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыстар жасайтын облыстың аудандық кітапхана кітапханашыларына бағытталған.

Семинарда көрсетілген басты мақсаттың бірі, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудегі инклюзивті тәжірибені жетілдіру және жаңарту мақсатында Павлодар облыстық арнайы кітапханасының кітапханашылары аудандық әріптестеріне жұмыстың жаңа түрлерімен және мүмкіндігі шектеулі жандармен өзара әрекеттесу дағдыларымен таныстырды.

Сонымен қатар семинарда С.Торайғыров атындағы әмбебап ғылыми облыстық кітапханасының ерекше қажеттілігі бар оқырмандарға арналған «Жанашыр» орталығының кітапханашысы Б. Аубакирова «Кітапхана саласында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдайлық көмек көрсету» тақырыбында өз жұмысын таныстырып, бейнебаян көрсетті.  

Арнайы шақырылған кітапханашылар ішінен мүгедек жандарды оңалту және үйрету бойынша жасалған жұмыстарымен А.Паталаха (Жаңачерноярка ауылы), А.Нұрмақанова (Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапханасы), А.Қималиденова (Железин ауданы) өз баяндымалары арқылы тәжірибие алмасты. Семинар барысында қатысушылар өзара жақын танысып, бір-бірлерімен тығыз байланыста болу арқылы іскерлік орталарын кеңейте түсті.

Онлайн кім

Қазір 78 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр