2018 жылдың 29 наурызында кітапхана №24 орта мектебінің 6- шы сынып оқушыларына «Кітапхананың анықтамалық – библиографиялық аппараты» атты кітапханалық сабағын өткізді. Каталогтардың қажеттілігі және кітапты қалай табуын туралы айтылды.
Өйткені, каталогтар және картотекалармен пайдалану мүмкіндігі оқырмандарға қажет ақпаратты табуды әлдеқайда жеңілдетеді. Оқушылардың тақырып бойынша қойылған сұрақтарына жауап берілді. Іс-шараға «Кітапхананың аңықтау – библиографиялық аппараты - ақпараттың кілті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.