Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 23 қыркүйек күні сағат 10:00-18:00 аралығында еліміздің әр облысында бір уақытта «KitapTime - 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтуде.
«KitapTime - 2022» фестивалінің мақсатын іске асыра 23 қыркүйеек күні сағат 15:00-де Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы да, кітап оқу мәртебесін көтеру, жалпы әдебиетті насихаттау, тұрғындарды кітапханаларға тарту және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра, балалар жылы аясында №24 мектептің 5 ә сынып оқушыларымен «Білгенге маржан» интелектуалды ойынын өткізді.
Сонымен қатар жергілікті ақын апайымыз кітапхана оқырманы Бақжамал Ағыманқызы балаларға арналған өлеңдерін оқып, «Әр қазаққа бір кітап» жобасымен кітап тарату акциясын қолдай отыра Арман Қани ағамыздың «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ» кітабы жас буын оқырман қауымына сыйға тартылды.