+7 (7182) 34-89-93

10 қараша күні арнайы кітапханада қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, сценарист, кинорежисер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Б.Қанапьяновтың  «Достояние души» жинағының зағип оқырмандарға арналған бедерлі-нүктелі және аудиоформатта бейімделгенкітабының тұсаукесері өтті.

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Шолпан Баянқызы Шахметова құттықтау сөзбен жылы лебіздерін білдірді. Бұл  кітаптың ерекше басылымын  шығаруда өз үлестерін қосқан белсенді оқырмандарымыз – Неустроев Игорь Анатольевич пен Косович Валентина Харитоновна жинақтағы сүйікті өлеңдерін оқыды.

Облыстық  арнайы кітапхана басшысы Кенжебекова Жамал Қиянқынқызы Бақытжан Мұсаханұлына бедерлі-нүктелі және аудиоформаттағы «Достояние души» кітабын сыйға тартты.

Онлайн кім

Қазір 86 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр