+7 (7182) 34-89-93

Э.Гофманның «Щелкунчик пен тышқандар ханы» шығармашылығы  аясында тағы бір  кезекті кездесу «Книжные жмурки» атты оқырмандарымен әдеби кеш өткізілді.

Бұған дейін жобаға қатысушылар  бұл шығарманы бос уақытында аудио форматта танысты.  Ал, қарашаның 12-сі күні әдеби оқырман  белсенділері жиналып, біз ортаға кітап мазмұнын талқыладық.  Щелкунчиктің таңғажайып сырлары, басты кейіпкерлердің шытырман оқиғаларын жайлы оқығанымыздан алған әсерімізбен бөлістік. Сондай-ақ  іс-шараның бірінші кезеңінде балалар қызықты викторинаға қатысты. Осы викторина сұрақтары олардың оқығандарын  қаншалықты меңгергенін тексеруге мүмкіндік берді. Кездесудің тәжірибелік бөлігінде әдеттегідей оқырман қатысушылардың қызығушылығы мен әсерлі сезімдерге бөленді. Балалар кезек-кезек «құпия жәшіктен» арнайы жасалған  атрибуттарын алып,  сыйпалап сезіну арқылы болжап тапты. Бұл форматы ойын тактильді дағдыларды белсендіріп сонымен қатар оқу сауаттылығын дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, мұндай аралас жұмыстар қиялды, есте сақтауды, ойлау қабілетін  дамытады және қатысушыларды көрнекі бейнелермен таныстырады.

Онлайн кім

Қазір 135 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр