+7 (7182) 65-01-29

Қазақстан Республикасының Ата Заңының күшіне енген күніне орай 2026 жылғы 9 шілдеде кітапхананың оқу залында «Конституция – тәуелсіздік тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның спикері – PhD, Торайғыров университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Д. Азербаев. Ол Конституцияның тәуелсіздікті нығайтудағы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы баяндады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Конституцияның маңызын талқылап, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының тұрақтылығы, бірлігі мен дамуының берік негізі екені атап өтілді.