+7 (7182) 34-89-93

Облыс әкімі Болат Бақауов заман талабына сай барлық кітапханаларда, мәдениет ошақтарында  «Коуоркинг» орталықтарын ашу жөнінде арнайы тапсырма берген болатын.

25 мамыр күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада «Коуоркинг» орталығы ашылды.

Республиканың арнайы кітапханалары арасында алғашқы болып Павлодар облыстық арнайы кітапханасы «Коуоркинг» орталығын ашты.

Кітапхана қызметкерлері қонақтарды «Гүлдерайым» халық әнімен қарсы алды. Салтанатты түрде жасыл таспаны кесу рәсімі жүргізілді. Жасыл түс байлықтың, өсу мен гүлденудің белгісі.

Инвесторлар мен шетелдік қонақтар үшін кітапханада экскурсия жүргізілді.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр