26 қазан күні Республикалық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана дайындаған Елбасы Н.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Брайль шрифті латын әліпбиіне көшу тұрғысында» атты дөңгелек үстелге онлайн қосылу арқылы облыстық арнайы кітапханасы қатысты.
Дөңгелек үстелге тіл маманының ғалымдары, Алматы қаласының қоғамдық бірлестіктері, қоғам қайраткерлері және Қазақстан қалаларының арнайы кітапханалары қатысты. Қазақстан Республикасының арнайы кітапханаларымен бейнеталқылау өткізілді.